СҚО-да жалған ақша тасымалымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар қаңтарда жеткізілген 100 мың еуроны айналымға енгізбек болған

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында жалған ақша тасымалымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктілерді экономикалық тергеу департаментінің мамандары арнайы операция барысында ұстаған. Оның құрамында Қазақстаннан бөлек Грузия және Ресей мемлекетінің азаматтары бар екендігі анықталды. Олар қаңтарда жеткізілген 100 мың еуроны айналымға енгізбек болған.

«Ұйымдасқан топтан жалпы сомасы 2 миллион теңге және 30 мың Ресей рублі мен 68 мың жалған еуро номиналы тәркіленді. Қазір ұсталғандар соттың шешімімен қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деді облыстық экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі Айгүл Бүкірова.