Өскеменде қар шығармаған кәсіпкерлерден жер телімі қайтарып алынады

Автор: Azattyq Rýhy

Қала әкімдігі халықтың жүріп-тұруына қолайсыздық тудырған кәсіп иелеріне қатаң шара қолданбақ

Фото: ашық дереккөзден

Өскеменде қыс бойы ауласы мен көлік тұратын жердегі қарды шығармаған ірі сауда үйлері мен дүкендер бар. Енді қала әкімдігі тазалық пен халықтың жүріп-тұруына қолайсыздық тудырған кәсіп иелеріне қатаң шара қолданбақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Әкімдік қар тазаламаған кәсіркерлерден сауда үйлерінің алдындағы көлік қоюға берілген жерлерді мемлекетке қайтарып алмақ. Бірақ ол үшін қала әкімдігі әуелі кәсіпкерлерге ауласындағы қарды шығаруға екі апта уақыт беріп, ескерту жасап жатыр. Ал ескертуге құлақ аспаған кәсіпкерлердің қарамағындағы жер қайтарылып, сол маңдағы жолдың екі жиегі кеңейтіледі.

«Техникалық ережелер бар. Ол жерде толықтай барлық талаптар жазылған. Қыста қар тазалау. Қазіргі кезде біздің ескертуімізге құлақ аспаған 6-7 кәсіпкер бар. Сондықтан оларға шара қолданайық деп отырмыз», - дейді қала әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов.