Мұндай шешім ауру жұқтырғандар азая бастағандықтан қабылданған
Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирус жұқтырғандарға арналған 16 уақытша аурухананың бірі жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Басшылық вирус жұқтырғандар ауруханадан шыққан соң басшылық мекеменің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл ауруханаға 13 мың адам жеткізілген. Айдың соңына дейін басқа да ауруханаларды жабу жоспарланып отыр», - деп жазады агенттік.
Айта кету керек, бүгінгі таңда коронавирус жұқтырғандар саны 89 мыңнан, ал вирустан қаза тапқандар үш мыңнан асты. 45 мыңнан астам адам емделіп шықты.