Қостанайда «AMANAT» партиясы халықпен жұмыстың проактивті форматын ұйымдастырды

Azattyq Rýhy

Іс-шараға партия кандидаттары белсенді қатысты

Қостанайда «AMANAT» партиясы халықпен жұмыстың проактивті форматын ұйымдастырды
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Қостанайда «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауы халық көп жиналатын орталық базарда сайлаушылардың талап-тілектері мен ұсыныстарын жазып алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Іс-шараға «AMANAT» партиясының кандидаттары белсенді қатысты.

«Отау сауда» базарының аумағында қостанайлықтардың өтініштерін облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Евгений Сотников, Несібелі Бәсенова, Динара Өтебаева тыңдап, мәселелерін сұрап білді.

Мәселен, Тобыл қаласының тұрғыны үйінің ауласында балалар алаңын жаңарту қажеттігінін айтса, сатушылардың бірі сауда орталығында желдеткіш пен жылу мәселесін жақсарту керек екенін жеткізді.

Сатушылар базарда автотұрақтың болмауы мәселесін көтерді. Сондай-ақ «Военный городок» шағынауданында жарықтың нашарлығы мен қоғамдық көліктің жүрмейтінін айтты. Тағы бір тұрғын Бауман көшесінде су көптеп жиналатынын айтып шағымданды.

«Сауда орталығына келіп, тұрғындардың барлық талап-тілегін жазып алдық. Алдағы уақытта айтылған мәселелер мен әрбір ұсыныс ескеріледі», – деді кандидат Н.Бәсенова.

Сайлаушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, кері байланыс үшін телефон нөмірлерін қалдырды.

Жалпы, қостанайлықтар партияның бастамасын қолдап, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.

Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.