Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ болады
Синоптиктер 3-5 наурыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы төмендейді.
«Көктем жылы және жауын-шашынсыз күн райынан басталды. Бірақ көктемде тұрақсыз ауа райы болғандықтан, алдағы тәуліктерде Қазақстанға ығысатын атмосфералық фронттармен жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, көктайғақ және тұман күтіледі. Демалыс күндерінде байқалған жоғары температурадан кейін алдағы күндері ауа температурасы төмендейді және нормаға жақын болады», - дейді «Қазгидромет» өкілдері.