Алматыда Шымбұлақ-Эдельвейс автожолы жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір бұл жерлерге блок-бекеттен қойылған

фото: Алматы қ. ТЖД

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты Аюсай шатқалы және Шымбұлақ-Эдельвейс жолын жапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«2023 жылғы 25 ақпанда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің алқабтарында айтарлықтай жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жай-күйіне байланысты 2 экипаж мөлшерінде полиция департаментінің күштерімен халық пен автокөліктің қозғалысын шектеу үшін (Аюсай шатқалынан жоғары және Шымбұлақ-Эдельвейс автожолында) блок бекеттер қойылды», - делінген хабарламада.