Танымал ғалым «Nur Otan» мен «AMANAT-тың» айырмашылығын айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Ғалым өз сөзінде халықпен байланыстың жаңа тетіктері пайда болғанын айтып өтті

Алаштанушы, филология ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы «Qasqa jol» Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында қазір трансформацияланып жатқан «AMANAT» партиясының бұрынғы партиядан өзі байқаған қандай айырмашылығы барын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Nur Otan» мен «AMANAT»-тың айырмасы не?» деген сұрақ жиі қойылады. Nur Otan бұрын «Біз Президенттік партиямыз, биліктің партиясымыз» десе, қазір «AMANAT» одан бас тартып,  «халыққа жақын, әлеуметтік партиямыз, әділеттілікті басшылыққа аламыз» деп жатыр. Екіншіден, нендей өзгерісті байқадыңыз дегенде, мен пікірлердің ортаға салынып, талқыланатынына көзім жетті. Ұсыныс-тілектер ескеріледі екен. Халықпен байланыстың жаңа тетіктері пайда болған. Партия басшысы Ерлан Қошанов 200 мыңнан аса ұсыныс-өтініш ескерілгенін айтып отыр», - дейді ғалым.

«Тағы бір жағдай, қазір әлеуметтің нәзік мәселелері болып отырған баспана, көпбалалы ана, мүгедектер проблемаларына талдау жасалып, халықтың сұранысына арналған он іс-шара бағыты белгіленді. Тетіктері айқындалған», - деп ой қосты Дихан Қамзабекұлы.

Тегтер: