Сенатор Гүлмира Кәрімова 27 қаңтарда қайтыс болған
Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «кісі өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - деп хабарлады Астана қаласы полиция департаменті.
Бастапқыда «анафилактикалық шок» диагнозы қойылған. Алайда Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өлімге жүрек талмасы себеп болғанын хабарлады.