Талдықорғанда жол апатынан 4 адам ауруханаға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Жол ережесін бұзған азаматқа қатысты тергеу шаралары басталды

фото: polisia.kz

Талдықорғанда жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апаты Талдықорғаннан шыға берісте Алматы-Өскемен автожолының 273 шақырымында болды. 69 жастағы УАЗ Patriot жүргізушісі жол ережесін елемей, JAC жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол талғамайтын көлік салонында бес адам болды, олардың төртеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Жол апатын тергеу ҚР ҚК 345-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды.

Тегтер: