Өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың көбі амбулаториялық жағдайда емделуде

фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 25 ақпандағы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1 670 адам коронавирус инфекциясынан (–1 506+ және 164 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 1 563 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 3 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр және 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Тегтер: