Республикалық маңыздағы 7 тасжолда қозғалысқа енгізілген шектеу алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін ауа райына байланысты жол учаскелері жабылған еді

Фото ашық дереккөзден

Республикалық маңыздағы 7 тасжолда қозғалысқа енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Ақмола облысында «Астана-Петропавл» тасжолының Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейінгі аралығында және Астана-Щучье бағытында қозғалысқа енгізілген шектеу алынды.

Сонымен қатар,«Екатеринбург-Алматы» тасжолының Атбасар-Астраханка бағыты ашылды.

Көкшетау қаласынан Зеренді ауылына дейінгі тасжол да ашық.

СҚО бойынша «Астана-Петропавл» тасжолының Ақмола облысы шекарасы-Келлеровка ауылы бағыты ашық тұр.

Сонымен бірге «Жезқазған-Петропавл» тасжолында көлік қозғалысы жанданды.

Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан М-32 және А-26 бағыты ашық.