Көшкін жүру қаупі облыста апта соңына дейін сақталады
Шығыс Қазақстан облысында апта соңына дейін көшкін жүру қаупі сақталады. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алдын алу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына қарамастан, 2-9 наурыз аралығында көшкін жүру қаупі сақталады. Биыл жауған қар мөлшері нормадан көп. Өткен аптаның соңында «Казселезащита» мамандары «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» жолының екі учаскесінде және «Өскемен-Алтай» тасжолының үш учаскесінде профилактикалық көшкін жүргізді. Соның нәтижесінде 16700 текше метр қар түскен», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
ТЖД облыс тұрғындарына алыс сапарға шықпауға, көшкін қаупі жоғары таулы жерлерге бармауға кеңес береді.