Бүгін еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Автор: Azattyq Rýhy

ҚР бойынша көктайғақ, тұман, найзағай, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 24 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – қар және жаңбыр жауады, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

ҚР бойынша көктайғақ, тұман, найзағай, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.