Облыс әкімі басқарма басшысы мен қала әкіміне сөгіс жариялады
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов аймақ басшысы ретінде алғашқы сөгісін берді. Бұл туралы облыс әкімдігінің Telegram-дағы каналында жарияланды.
«Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Әбілқалықовқа өңірдің нысандарын қамтамасыз етудегі оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде тыңғылықты сараптама жүргізбегені үшін, ал, Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкеновке қаланың санитарлық тазалау жұмыстарын төмен деңгейде жүргізгені және қарым-қатынас мәселелеріндегі, атап айтқанда, тасымалдаушылар мен тұрғындардың арасында үйлестірудің мардымсыздығы үшін сөгіс берді» - делінген хабарламада.