Алматыда «жарылғыш зат қойылды» деген бес нысанды тексеру аяқталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қаладағы банктердің бірінде тексеру әлі жүргізіліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Алматыда «жарылғыш зат қойылды» деген бес нысанды тексеру аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық ПД ресми өкілі атап өткендей, бес нысан бойынша жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды

Қаладағы банктердің бірінде тексеру әлі жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, алдында полицейлер қаладағы алты ғимаратты жарылғыш зат қойылғаны туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты қоршауға алғанын хабарлаған болатынбыз. Оқиға орнына шұғыл қызметтер, сапер бөлімшелері мен басқа да мамандар тартылған.

Полиция қала тұрғындарынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.