Павлодар облысында полицей өз-өзіне қол жұмсады

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр

Фото ашық дереккөзден

Ақсудағы ауылда өз үйінің қорасында учаскелік полиция инспекторының мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«23 ақпан сағат 06.35-те Ақсу қаласының М.Омаров атындағы ауылында өз үйінің қорасынан учаскелік полиция инспекторының мәйіті табылды. Ол суицид жасаған», - делінген Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Әйелінің айтуынша, олар күйеуі екеуі жиі жанжалдасқан.

«Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.