Тербеліс ошағы Тәжікстан аумағында болды
Алматыдан 609 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі бүгін Алматы уақытымен 8 сағат 17.24-те тіркелген.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 609 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 11,1.
MPV магнитудасы - 4,9.
Тереңдігі – 15 км.
MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.