Украина халқы гуманитарлық көмекке мұқтаж - БҰҰ бас хатшысы

Автор: Аягөз Құрмаш

Антонио Гутеррештің пікірінше, жанжалдың қайталанатыны анық және ол нақты қауіпке айналуы мүмкін

Фото: Commons.wikimedia.org

Ресейдің Украина территориясына басып кіргеніне бір жыл болды. Соның қарсаңында БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш Ресейдің агрессиясын айыптап, соғысты бүкіл халықаралық қауымдастық үшін ауыр кезең деп атады, деп хабарлады Azattyq Ruhy. 

«Бұл - шапқыншылық-біздің ұжымдық ар-ұжданымызды қорлау. Бұл  - БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықты бұзу. Оның гуманитарлық салада және адам құқықтары саласында орасан  салдары бар. Бұл әсер Украинадан тыс жерлерде де сезіледі», - деді бас хатшы.

Гутерреш украиндардың 40 пайыздан астамы қазір гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін атап өтті. Ол халықаралық қауымдастықты БҰҰ-ның Украина халқына 5,6 миллиард доллар бөлу туралы үндеуін қолдауға шақырды.

Сонымен қатар, бас хатшы Ресейдің соғысты тоқтатқысы келмейтініне назар аударды.

«Бұл арада біз ядролық қаруды қолдану мүмкіндігінің жасырын қатерін естиміз. Ядролық қаруды тактикалық қолдану мүлдем қолайсыз», - деді ол.

Гутерреш өркениетті әлемді «нақты, ұзақмерзімді бейбітшілік БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқыққа сай жұмыс істеуге» шақырды.

«Соғыс неғұрлым ұзаққа созылса, бұл жұмыс соғұрлым қиын болады», - деп сөзін түйіндеді ол.