Алматы сейсмикалық аймақ екеніне қарамастан тұрғын үй салу жағынан рекордтық көрсеткішке жеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Былтырдан бері қалада 166 608 шаршы метр тұрғын үй салынған

Фото ашық дереккөзден

Қаңтар айында Қазақстанда 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 39.6 % - ға көп, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, рекордтық өсім Алматы облысы (+192.8 %) мен Алматы (+132.7%) қаласында тіркелген. Ал Астанада бір жылдың ішінде баспана салу қарқыны 63% - ға өскен. 

Krisha.kz жинақтаған дерегінше, кейбір өңірлерде керісінше тұрғын үй салу жағы тым төмендеп кеткен. 

Мәселен, Ұлытау облысында (-91.8 %),  Маңғыстау облысында (-26.6 %), СҚО - да (-25.5 %), Шымкентте (-1.5%) құрылыс бәсеңдеген. 

Бір жыл ішінде пәтерлердің үлесі 67.4% - ға, ал үйлерді салу жағы 13.3% - ға өскен. 

Былтырдан бері Астанада — 210 027 шаршы метр, Алматыда — 166 608 шаршы метр тұрғын үй салынған.