Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу кейбір мәселені шешуді көздейді
Парламентте бір топ депутаттың бастамасымен салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған заң жобасы ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді және банкроттық туралы заңнамада көзделген кейбір мәселелерді шешуді көздейді.
Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық мақсатында мыналар ұсынылады:
Мемлекеттік орман қоры жерлерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтық жерлерді қоспағанда, жердің барлық санатында өсімдіктер дүниесі объектілерін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізу ұсынылады.
Айта кетерлігі, Қазақстанда жоғары тамырлы өсімдіктердің 6000-ға жуық түрі, саңырауқұлақтың бес мыңға жуық түрі, балдырдың 2000 түрі, мүк пен қынаның 1000 түрі бар. Осы өсімдік түрлерінің жалпы санының 1406 түрі – дәрілік өсімдік, оның ішінде 220 түрі ресми медицинада танылған, 387 түрі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, ежелгі заманнан бері өсіп келе жатқан реликті өсімдіктердің 110 түрі, сондай-ақ тек Қазақстанда ғана өсетін өсімдіктердің 698 эндемикалық түрі бар.
Табиғи өсімдік ресурстарын және өсімдіктер әлемінің генетикалық қорын сақтау, өсімін молайту, ұтымды және теңгерімді пайдалану мәселелерін тиімді басқару мақсатында Салық кодексіне өсімдіктер дүниесі объектілерін пайдаланғаны үшін төлемақының ұқсас нормасын енгізу ұсынылады.
Төлемақы мөлшерлемелерін облыстық мәслихаттар өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидалары негізінде бекітетін болады.
Сонымен қатар Халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіруге байланысты нормалар: