Тәжікстан мен Қытай шекарасында 7,3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Әзірге жер сілкінісінен келген зардап туралы ақпарат жоқ

Фото ашық дереккөзден

Тәжікстан мен Қытай шекарасында 7,3 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

7,3 баллдық жер сілкінісі Тәжікстанда ҚХР-ның солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен шекарасында тіркелген.

Жер асты дүмпулері бүгін сағат 8.37-де (Астана уақытымен 6.37) тіркелді.

Әзірге жер сілкінісінен келген зардап туралы ақпарат жоқ.