Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Астанада такси жүргізушісі 9 жасар қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зардап шеккен қыздың анасы полицияға шағым түсірді.
Полиция сыртқы бейнебақылау камерасынан Chevrolet көлігінің нөмірін анықтады. Жүргізуші 24 жастағы ер адам болып шықты. Оқиға орын алғанда оның жанында жолаушылары болған.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Қауіпсіз жол» шарасының екінші күнінің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары 1 400-ге жуық ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтады, оның ішінде мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 25 фактісі, қарсы жолаққа шығудың 10 фактісі, көлік рөлінде отырып, телефонды пайдаланудың 60 фактісі, қауіпсіздік белдігін тақпаудың шамамен 165 фактісі және сонымен бірге көлік жүргізушілерінің оқиға орнынан қашып кетудің 27 фактісін тіркеді», - делінген ведомство хабарламасында.