$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО мәслихатының депутаттығына үміткерлер мектеп ұжымымен бірге білім, медицина саласын талқылады

Үміткерлер өңірлік сайлауалды бағдарлама туралы айтты

СҚО мәслихатының депутаттығына үміткерлер мектеп ұжымымен бірге білім, медицина саласын талқылады

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Дина Әбілмәжінова мен Ербақыт Амантай Петропавлдағы әл-Фараби мектеп-лицейінің ұжымымен әңгімелесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«AMANAT»-тың өкілдері өңірлік сайлауалды бағдарлама туралы айтып, сапалы білім беру үшін жағдай жасауға бағытталған шараларды егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Білім беру сапасын жақсарту үшін, біз Петропавл қаласындағы «Копай», «Жас Өркен», «Орман» және «Береке» шағын аудандарында 4 мектеп салуға, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа мектеп салуға қол жеткізетін боламыз. Сонымен қатар, мектептерде робототехника, химия, биология, физика кабинеттерін ашу, барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету қажет деп санаймыз», - деді кандидат Дина Әбілмәжінова.

Партиялықтардың айтуынша, бұл шаралар 5 жыл ішінде оқушы орындарының тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ әңгіме барысында тағы бір маңызды әлеуметтік саланы – денсаулық сақтау саласын дамыту туралы айтылды.

«Қазіргі уақытта медициналық мекемелерде кадр тапшылығы 208 адамды құрайды. Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін партия «Береке» және «Жас Өркен» шағын ауданында 2 емхананың құрылысын аяқтауға, Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықтармен жарақтандыруға, денсаулық сақтау ұйымында жыл сайын кемінде 45 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға, медицина қызметкерлеріне көтерме төлемдер бөлуге ықпал ететін болады», - деп атап өтті Ербақыт Амантайұлы.

Өз кезегінде мектеп-лицей ұжымының өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасына қолдау білдіріп, сайлау науқанына сәттілік тіледі. Сайлаушыларды 19 наурызда сайлауға белсенді қатысуға және «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары