$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда кейбір клиникалар медсақтандыру арқылы қызмет көрсеткенін дәлелдей алмады

Мұндай клиникаларға бас-аяғы 3 миллион теңге айыппұл салынды       

Алматыда кейбір клиникалар медсақтандыру арқылы қызмет көрсеткенін дәлелдей алмады
Фото ашық дереккөзден

Медициналық сақтандыру қоры өткен жылдың 11 айында емдеу мекемелерінің 100 мыңнан астам қызметті түрлі кемшіліктермен көрсеткенін анықтады. Нәтижесінде қаладағы емдеу мекемелеріне 1 млрд теңге айыппұл салынды, деп мәлімдеді МСҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мониторинг барысында анықталған кемшіліктердің дені емдеу-диагностика барысында белгіленген стандарттардан ауытқу, медициналық құжаттарды дұрыс толтырмау, қызмет бағасын негізсіз өсіру сынды олқылықтарға келіп саяды. Кемшіліктің басым бөлігіне бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары жол берген.        

«Емханалар көрсеткен қызметтен 93 мың кемшілік анықталып, 117 млн теңге қайтарып алынды. Сонымен қатар, ақаумен көрсетілген 8 мыңға жуық қызмет – стационарлар мен стационарды алмастыратын көмек ұйымдарына тиесілі.  Олар аталған кемшіліктер үшін 800 млн теңге айыппұл төледі», – деді спикер.

Сондай-ақ, «көрсетілді» деп жазылған белгілі бір қызмет түрлерінің шын мәнінде көрсетілгенін растай алмаған клиникалар да бар. Осындай 300-ден астам жағдай үшін 3 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Серіктес жаңалықтары