Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Павлодарда 43 жастағы пер адам оқ жарақатын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«18 ақпан 20:30 шамасында Павлодар қаласының ауруханасына оқ жарақатымен 43 жастағы қала тұрғыны түсті. Оның Зеленстрой кентінің жеке секторында бұрынғы таныстарынан жарақат алғаны анықталды», - делінген хабарламада.
ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.