Қылмыстық іс прокуратураның жіті бақылауында
Қарағандыда қала көшелерін жөндеуге бөлінген 2 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Облыстық прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде Қарағанды қаласының көшелерін күрделі жөндеуге бөлінген 2 млрд теңгеден астам сома құрайтын бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғалары нақты орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойып, бюджет қаражатының ұрлануына жол берген», - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, қылмыстық іс прокуратураның жіті бақылауында.