«AMANAT» партиясының үміткерлері Жамбыл облысындағы зауыт қызметкерлерімен кездесті
Штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасының барлық тармағына тоқталды
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қарапайым халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді шаралар негізге алынған. «Казфосфат» ЖШС-іне қарасты Жаңа Жамбыл фосфор зауытының қызметкерлерімен өткен кездесуде облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар осылай деді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық сайлауалды штабының мүшелері Махметғали Сарыбеков, Абдалы Нұралиев, Қасымхан Төлендиев пен Оксана Борисюк партияның сайлауалды бағдарламасының барлық тармағына кеңінен тоқталды.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы халықтың барлық топтарын қолдауға бағытталған. Әсіресе жұмыс істейтін азаматтарға айрықша қолдау көрсетілмек. Осылайша, әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және жалақыны арттыру мәселелері айрықша назарға алынады. «Казфосфат» ЖШС өңірдегі іргелі кәсіпорындардың бірегейі. Сіздер облыс экономикасының дамуына зор үлес қосып келесіздер», - деді Махметғали Нұрғалиұлы.
Бұдан кейін, сөз алған Оксана Валериевна партияның атсалысуымен жер-жерлерде бұқаралық спортпен шұғылдануға лайықты жағдай жасалатынын атап өтті.
Партия алдағы 5 жылда өз жемісін беретін көптеген бағыттарды ұсынуда. Мәселен, 58 елдімекенде спорт нысандары мен қандай да бір спорт секциялары жоқ. Тиісінше, мұның салдары балалар мен жасөспірімдерді сондай-ақ ересек тұрғындарды спортпен шұғылдануға, денсаулықты нығайтуға және бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік бермей келеді. Сондықтан бұл жағдайды өзгертіп, халық үшін спорт нысандары мен секцияларының қолжетімділігін арттыру қажет.
Ал облыстық сайлауалды штабының мүшелері Абдалы Нұралиев пен Қасымхан Төлендиев бір миллион астам халық мекендейтін қасиетті Әулиета өңірінде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға көптеп көңіл бөлінетіне тоқталды. Кездесу соңында штаб мүшелері завод қызметкерлерінің өтініш-тілектерін тыңдап, оларды шешу жолында жәрдем беруге уәде берді.
Атап өтерлігі, Жамбыл облысында республика көлеміндегі сары фосфор мен натрий триполифосфатының 100, фосфорлы минералды тыңайтқыштардың 94,3 және қанттың 62 пайызы өндіріледі. Мұнда «Қазфосфат», «Еврохим-Қаратау», «Тараз металлургия зауыты», «Talas Investment Company», «Алтыналмас», «Жамбыл өндірістік цемент компаниясы» мен «ЖЗМК Имсталькон» секілді ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс істеуде.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді