Еліміздің үш өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» АҚ хабарлауынша, республикалық маңызы бар үш тасжол барлық автокөлік түрі үшін жабылған.
Атап айтқанда:
- Ақтөбе облысында Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай тасжолының Т.Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жабық;
- Қарағанды облысында Екатеринбург – Алматы тасжолының Ақсу – Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді;
- Қостанай облысында Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай тасжолының Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.