Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Владимир Витченко партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді
Петропавлда партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Владимир Витченко «Бүкілқазақстандық кёкушинкай каратэ ұйымы» РҚБ СҚОФ ұжымына «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Спикер жұмыспен қамту және жалақы мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Оның пікірінше, дәл осы бағыттар петропавлдықтарды қатты алаңдатады.
«Халықты жұмысқа орналастыру үшін, біз 5 жыл ішінде тұрақты жұмыс орындарын құруға жәрдемдесуге ниеттіміз. Бұл орындар инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде, жұмыс істеп тұрған ШОБ кәсіпорындарын ұлғайту, кәсіпкерлерге қаржылық қолдау шараларын ұсыну, азаматтарға, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне гранттар беру арқасында ашылатын болады», - деді Владимир Витченко.
Осылайша, спикердің айтуынша, 2027 жылдың соңына дейін партия Петропавлда кемінде 13 мың тұрақты жұмыс орнын құруды, сондай-ақ орташа жалақы деңгейін 334 мың теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Ұйым өкілдері табыстарды арттыру және өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша партия ұсынған шараларды ынтамен қабылдады. Сонымен қатар спортшылар кандидатқа бірқатар ұсыныстар мен тілектер айтты. Олардың ішінде азық-түлік бағасының өсуіне қарсы күрес, тұрғын үй алуға жоғары кезектілік және инженерлік желілердің тозуына қатысты мәселелер болды. Қатысушылар спортты дамыту және дәрігерлік кадрлардың тапшылығы тақырыптарын да талқылады.
Айта кетейік, бұл мәселелердің барлығы Петропавл қаласы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген.
Соңында Владимир Витченко әріптестерін 19 наурыздағы сайлауда белсенділік танытуға және «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді