6,4 балл: Түркияда тағы да жер сілкінісі тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Жер сілкінісінің ошағы екі шақырым тереңдікте жатқан

Фото ашық дереккөзден

Сириямен шекарадағы Түркияның Хатай провинциясында жаңа күшті жер сілкінісі тіркелді. Оның магнитудасы 6,4 балды құрайды. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша, жер сілкінісінің ошағы екі шақырым тереңдікте жатқан.

Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, Антакия қаласындағы жаңа дүмпулердің салдарынан тұрғын үйлер қираған, бірақ олардың саны көрсетілмеген.

Жер асты дүмпулері Хатаймен көршілес провинцияларда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді.