Республиканың батысында ауа температурасы түнде 0-8-ден 7-15-ке дейін төмендеуі күтіледі
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Azattyq Ruhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің болжамына сүйенер болсақ, алдағы күндері Қазақстандағы ауа райын үлкен қоры бар белсенді Атлантикалық циклон анықтайтын болады. Сонымен байланысты республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын, қар және жаңбыр түрінде, көктайғақ құбылыстары, тұман, екпінді жел болжанады.
Күндіз ҚР оңтүстігінде найзағай күтіледі.
«Республиканың батысында ауа температурасы түнде 0-8-ден 7-15-ке дейін төмендеуі күтіледі, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында 5-15 аяздан 0-8 аязға дейін жоғарылайды, орталығында 2-15 аяздан 3 аяз-3 жылыға дейін ауытқиды, республиканың оңтүстік жартысында түнде 3 аяз-3 жылы күтіледі», - делінген синоптиктер болжамында.