Жұма күні София маңындағы жүк көлігінен 18 адамның денесі табылды
Болгарияда Еуропаға заңсыз кіруге тырысқан Ауған босқындарының өліміне қатысы бар жеті күдікті қамауға алынды. Жұма күні София маңындағы жүк көлігінен 18 адамның денесі табылды. Барлығы 52 мигрант болған, олардың 19-ы дәрігерлердің бақылауында, қалғандары орналастыру орталықтарына жіберілді.
Адамдар тұншығудан қайтыс болды. Қылмыстық топ мүшелері жүк көлігін тастап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Заңсыз мигранттардың әрқайсысы Еуропаға жету үшін 5-тен 7 мың еуроға дейін төлеген. Олар Болгарияға Түркиядан келген.