Украинаның кейбір аймақтарында әуе дабылы қайта жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Дабыл Астана уақытымен 15.30-да жарияланды

Фото ашық дереккөзден

Украинаның кейбір аймақтарында әуе дабылы қайта жарияланды, деп хабарлайды Риа Новости.

Украинаның Харьков, Полтава, Днепропетровск, Черкасс, Кировоград облыстарында, сондай-ақ Киевтің бақылауындағы Запорожье бөлігінде әуе дабылы қайтадан жарияланды. Бұл ақпаратты Украинаның цифрлық трансформация министрлігінің онлайн-картасының мәліметтері куәландырады.

Дабыл Астана уақытымен 15.30-да жарияланды.

Жексенбіде Украинаның Харьков, Полтава және Днепропетровск облыстарында да дабыл қағылды. Жарты сағаттан кейін дабыл тоқтатылды.

Тегтер: