Қызылорда тұрғынынан 26 киіктің еті тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Polisia.kz

Қызылорда тұрғынынан 26 киіктің еті тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 ақпан күні Қызылорда облысы ПД-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері және Арал аудандық ПБ мен «Охотзоопром ӨБ» РМҚК бірлескен жедел – іздестіру жұмыстары нәтижесінде 37 жастағы аудан тұрғынының үй ауласындағы сарайынан 26 киіктің денесі анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігімен «Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сараптамалар тағайындалып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.