Қазақстандық құтқарушылардың алғашқы тобы Түркиядан елге оралды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың арасында 3 кинологтар тобы мен 5 апаттар медицинасының дәрігерлері бар

Zakon.kz

38 адамнан тұратын, құрамында құтқарушылар мен медицина мамандары бар алғашқы қазақстандық топ Алматыға келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтеріне қарағанда, Түркияның Газиантеп қаласынан Төтенше жағдайлар министрлігінің Ил-76 бортымен республикалық жедел құтқару жасағының 33 қызметкері келді. Олардың арасында 3 кинологтар тобы мен 5 апаттар медицинасының дәрігерлері бар.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында сөйлеген сөзінде құтқарушылардың Түркиядан оралған соң міндетті түрде марапатталатынын айтқан болатын.