Қазақстан дзюдодан Еуропа жастар кубогын сәтті бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандықтар алты медаль алды

Фото: olympic.kz

Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Еуропа жастар кубогы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандықтар бір алтын, үш күміс және екі қола медальға ие болды.

Атап айтсақ, Мерей Марханбетов (60 келі) алтын олжаласа, Олжас Еренгибов (60 келі), Нұрайлым Сәрсебек (40 келі) және Аружан Ережепова (52 келі) «күміске» қол жеткізді. Олжас Құмар (55 келі) мен Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі) үшінші орын алды.