Жойқын зілзала аймағына зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар жіберілді
Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтілді деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жойқын зілзала аймағына зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар жіберілді.
"Жүк әуе көлігімен Газиантеп қаласында кетті",- делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, зілзала болған алғашқы күні мемлекет басшысы Түрік еліне жалпы көлемі 55 тонна гуманитарлық көмектің жіберілетінін мәлімдеген болатын.