Бүгінде ел бойынша 1700-ге жуық адам COVID-19 вирусынан ем алып жатыр
Өткен тәулікте Қазақстанда 114 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Ал 14 адам КВИ инфекциясынан жазылып шықты.
17 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 659 адам коронавирус инфекциясынан (–1 473+ және 186 КВИ-) емделіп жатыр, Олардың ішінде 116 пациент стационарда, 1 543 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
4 адамның жағдайы ауыр,
1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.