15 ақпанда Тұңғыш президент туралы заң күшін жойды
Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты домендік атауын өзгертті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты elbasy.kz деп аталып келді. Бүгін, яғни 16 ақпанда таңертең порталдың домендік атауы nazarbayev.kz болып өзгертілді.
Тақырыпқа орай: Тоқаев Назарбаевты Елбасы статусынан айыратын заңға қол қойды
Дегенмен Елбасы сілтемесі әлі де жұмыс істеп тұр және жаңа мекенжайға сілтеме жасайды.