Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына 72 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман хабарлады

фото ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына 72 шетелдік байқаушы аккредиттелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мұхтар Ерман 2023 жылдың 20 қаңтарында халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 6 шет мемлекеттен және 3 халықаралық ұйымнан 72 байқаушы аккредиттелгенін хабарлады.

Бүгін аккредиттеуге 3 шет мемлекеттен 7 байқаушының кандидатуралары ұсынылды. Армения Республикасы мен Грузия Орталық сайлау комиссияларынан 2 кандидатура және Франция Республикасынан 3 кандидатура.

Сонымен қатар ол  аккредиттеуге ұсынымдар түскен сайын байқаушылар бойынша деректер жаңартылатынын атап өтті.