$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ОСК «Байтақ» партиясынан ұсынылған кандидаттардың тізімін бекітті

«Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясының тізіміне 18 адам енген

ОСК «Байтақ» партиясынан ұсынылған кандидаттардың тізімін бекітті

Орталық сайлау комиссиясының отырысында «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына партиялық тізімін тіркеу туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Орталық Сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина хабарлағандай, «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясының тізіміне 18 адам енген. 7 адам үш санаттың өкілдері, яғни әйелдер, жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Бұл – барлық партиялық тізімнің 38,9% құрайды.

«Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясы тізімге енген 18 адам үшін 18 900 000 сайлау жарнасын енгізген.

Кандидаттардың сәйкестігі мен партиялық тізімді тіркеу туралы тиісті қаулыларға қол қойылған соң ОСК мүшелері келесі қаулыларды қабылдады:

2023 жылдың 19 наурызына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы;

2023 жылдың 19 наурызына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясының қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда Президент жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы шығарды. Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда – бір күнде өтеді.

Серіктес жаңалықтары