Ұлттық банк сәрсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Қазақстанның Ұлттық банкі 15 ақпанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сәрсенбіде доллар бағамы қайта арзандап, 451,17 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 452,43 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,11 теңге болды.
Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 451 теңгеден сатып алынып, 453,5 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 451 теңгеден сатып алынып, 454 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша: