Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін
Синоптиктер 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Солтүстік-батыс циклонның жырасының және оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалымен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады.
«Соған байланысты қар, республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (қар және жаңбыр түрінде) жауып, жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Түркістан облысында түнде таулы аудандарда қатты қар жауады.