Қостанайлық полицейлер өңірге есірткі жеткізу арнасының жолын кесті

Автор: Azattyq Rýhy

Арнайы операция барысында полицейлер заңсыз айналымнан 1,5 келіден астам «синтетиканы» тәркіледі

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңір аумағында жасырын қойып кету жолымен синтетикалық есірткі құралдарын өткізуді жүзеге асыратын интернет-дүкеннің мүшелерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер синтетикалық есірткілерден басқа, ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заңсыз өсірілген құрамында есірткі бар өсімдіктерді тәркіледі.

«Күдіктілер аймақ аумағына қойып кету арқылы 1,5 келі «синтетика» таратуды көздеген. Қостанай облысының 27 және 29 жастағы екі тұрғыны мүше болған интернет-дүкен өңір аумағында 4 айға жуық жұмыс істеген», - деді Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Дүйсембай Байбосынов.

Полицейлер 297-баптың 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тегтер: