Күн райының бұзылуына байланысты барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелген
«Самара - Шымкент» республикалық автожолының Қызылорда облысындағы бір бөлігінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қызылорда өңірінде ауа-райының қолайсыздығына орай Самара-Шымкент тасжолының Төретам ауылынан Жалағаш ауылына дейінгі жол бөлігінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді», - делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК хабарламасында.