2030 жылы Астана халқының саны қаншаға жетеді – Көлгінов жауап берді

Автор: Аягөз Құрмаш

2030 жылы елордамызда 2,5 млн халық тұруы мүмкін

Фото ашық дереккөзден

2030 жылы Астана халқының саны қаншаға жетеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкімет отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бас жоспарға сәйкес квадратура тығыздығының стандарттары бар. Полицентрлік принципі бойынша қаладағы әр ауданда әлеуметтік нысандар болуы керек. Халық санының қарқынды өсуі, жаңа аудандардың ашылуы, көлік санының ұлғаюы... мұның бәрі қаланың бас жоспарында ескеріледі», - деді Алтай Көлгінов Үкімет отырысынан соң.

Алтай Көлгінов қаланың алғашқы бас жоспарында халықтың саны 800 мың адам болады деп жоспарланғанын жеткізді.

«2010 жылғы бас жоспарда 2030 жылы қалада 1 млн 200 мың адам болады деп жоспарланған. Алайда біз бұл көрсеткішке 2020 жылы жеттік. Осы жағдайды ескеріп, қаланың жаңа бас жоспарын әзірлеп жатырмыз. 2030 жылға қарай қаладағы халықтың саны 2-2,5 млн адамға жетуі мүмкін», - деді Премьер-министрдің орынбасары.