Өткен тәулікте елімізде қанша адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

КВИ жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр

Фото ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Қазақстанда 64 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Сондай-ақ, бір адам осы дерттен көз жұмды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

14 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 605 адам коронавирус инфекциясынан (–1 437 + және 168 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 465 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  6 адамның жағдайы ауыр,
  •  4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.