Олар көлік қозғалысына кедергі келтірген
«Каспий» клубының жанкүйерлеріне көшені жауып, көлік қозғалысына кедергі келтіргені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жанкүйерлер 11 ақпан күні спорт кешені маңында жол қозғалысына кедергі келтірген.
«Көлік қозғалысына кедергі келтірген Ford Fiesta және Toyota Camry көлігінің жүргізушілеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекісінің 593-бабы 2-бөлігі, 595-бөлігі 1-бөлігі және 614-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.
Сондай-ақ қолындағы алауды жерге лақтырған ер адам да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.