Алты өңірде электр желісі тоқтатылды: Энергетика министрлігі түсініктеме берді

Автор: Azattyq Rýhy

Электр желісінде апат болды

Фото ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі жөндеу жұмысы аяқталғаны және Екібастұз – Ағадыр электр беру желісінің іске қосылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Авариялық жұмыстар аяқталғаннан кейін сағат 16:45-те ӘЖ-500 кВ Л-5170 Екібастұз-Ағадыр іске қосылды. Ажыратудың себебі В фазасының №1111 тірегіндегі гирляндтың үзілуі болды», - делінген министрлік хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында апатқа байланысты электр энергиясы тоқтатылған болатын.