61 мың азаматқа рұқсат берілген
Қазақстандықтар 25 мың шетелдік автокөлікті заңдастырып үлгерген. Бұл туралы ІІМ брифингінде айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
“Шетелдік көліктерді заңдастырудың басталғанына 20 күн болды.
Бүгінгі таңда 61 мың қазақстандыққа көліктерін заңдастыруға рұқсат берілген. 25 мың көлік иесі тиісті құжаттары мен нөмірлерін алды”, - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек апта сайынғы өтетін брифингте.
Заңдастыру ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.